04 наурыз күні 11 «А» сыныбында «Ғибрат» әжелер, «Мейірім» аналар мектебі жобалары аясында, «Бәрі де , Ана, бір өзіңнен басталады..» тақырыбында өнеге сағаты өтті.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасын құруға жауапкершілікті түсіну, ананы сүю арқылы еліне-жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру, ер бала мен қыз бала арасындағы татулықты нығайту.
Өнеге сағатында Қадыр Мырза Әлидің «Бәрі де , Ана, бір өзіңнен басталады..» өлеңін тыңдады.
Әйел – Ана
Әйел – Өмір,
Әйел – тіршілік өзегі.
Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі, алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзімен қорытынды жасалды.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева