04.01.2024 жылы мектебімізде 11 «А» сыныбының ата-аналарымен
«Оқу мен тәрбие – егіз» тақырыбында отырыс өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы мүшерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Күн тәртібінде:
1. II оқу тоқсанының қорытындысы
2. ҰБТ ережелері мен шарттары
3. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері
4. «Даналық мектебі» клубы жұмысы
5. Әр түрлі мәселелер
Ата -ананың басты – қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта болғандықтан, отырыстың басында әр ата-ана өзін таныстыра отырып, өз баласының бойындағы жағымды қасиеттерін, құндылықтарын айтып, баласына арнаған мақтау, мадақтау сөздерін қағаз бетіне түсірді.
Отырыстың негізгі бөлімі қаңтар, ақпан айындағы ҰБТ сынақ тесті туралы ақпараттар беріліп, ережелерімен таныстырылды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» -ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы бағдарлама аясында, мектептегі «Даналық мектебі» клубының мақсат-міндеттері туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Даналық мектебі» клубының мақсаты ата-аналарға педагогика- психологиялық қолдау көрсету. Қыс айларындағы қауіпсіздік ережелері, оқушылардың қауіпсіздігі жайлы сөз қозғалды.
Отырыстың қорытынды бөлімінде, ата-аналардың пікірлері, ойлары тыңдалды.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb