Skip to content

03.11.23 ж Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін…

03.11.23 ж Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де ZOOM платформасы арқылы 1-11 сыныптың ата –аналарына басшы сағаты өткізілді. Барлық қатысқан ата – аналар саны 62.
Күн тәртібінде:1.«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі»
2. Оқушылардың қауіпсіздігі( жол,өрттен,судан, терезеге жақындамау)т.б.
3. Оқушылардың күзгі демалыстағы іс-шараларға қатысуы
4.Мектеп формасының сақталуы ( екінші аяқ киім, спорттық киім және оқушылардың сырт бейнесі)т.б
4. Әр түрлі мәселелер
Жиналыс барысында І тоқсанның қорытындысы айтылып, Ітоқсан бойынша жүргізілген жұмыстар жайында ақпар берілді.
2023-2024 оқу жылындағы Біртұтас тәрбие бағдарламасы 3 негізі тәрбие құндылықтарына негізделген, Ар- ұят, Талап, Ұлттық мүдде құндылықтары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында құрылған «Даналық мектебі» жұмысымен таныстырылды.
Оқушылардың қауіпсіздігі және күзгі демалыстағы құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі, сабақтан себепсіз қалу жайында полиция капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мектептің әлеуметтік педагогы Ибраева Л.Т жол ақысы және «ОNAI» картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырып,картаға төлем жасау жолдарын көрсетті.
Ата-аналарға мектепке Мағжан Жұмабаев атын алу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін білдірді.
Қарағандыоблысыбілім09#Біртұтастәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *