Skip to content

01.11.2023 жылы мектебімізде Алаш азаматтарын ұлықтау айы аясында Қазақ ұлтының…

01.11.2023 жылы мектебімізде Алаш азаматтарын ұлықтау айы аясында Қазақ ұлтының тарихы мен әдебиетінен ойып тұрып орын алатын даңқты тұлғалардың бірі – Алаш зиялыларының бірі, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мағжан жыры-мәңгілік» атты мектепішілік паториоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: -Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Байқауға 1-11 сынып оқушылары 1 патриоттық әннен орындап, бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша: 1️⃣ орын-6Б сынып оқушысы Алсарұлы Ерғазы🥇 2️⃣ орын-9А сынып оқушысы Қанат Аиша және 10А сынып оқушысы Арманқызы Азиза🥈 3️⃣ орын-3Ә сынып оқушысы Нұркелдіқызы Арина, 2 А сынып оқушысы Омарғалы Еркеназ және 4А сынып оқушысы Рақым Үмітжан🥉 иеленді. Орын алмаған оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушы: Боранова А.Х.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *